Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ



 

Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

Асқынулар: инфильтрат.

Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз.

3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

4. Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

7. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз.

8. Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз.

9. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз.

10. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

11. Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

12. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

13. Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

14. Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз.

 


Тері астына инъекцияны орындау

 

Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.

Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәрілерді қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Енгізілетін жерлері: иықтың сыртқы бетінің жоғары бөлігі, санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі, іш перделік беттің алды, жауырын асты аймағы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 20 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

7. Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).

8. Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта шаригін салыңыз.

9. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаңыз.

10. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

11. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

13. Тері антисептигімен суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

14. Иненің канюлясынан ұстап отырып, жылдам қимылмен шығарыңыз.

15. Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз.

16. Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

18. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.


Инсулинді енгізу

 

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, команы емдеу.

Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.

Енгізілетін жерлері: иықтың жоғарғы бөлігінің сыртқы беті және жамбастың ортаңғы бөлігінің сыртқы беті, жауырын асты аймағы іш пердесінің алдынғы беті.

Дайындаңыз: инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін, залалсыздандырылған: лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцтерін, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін алыңыз;

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.

3. Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеріңіз.

4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

5. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

6. Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С температурасына дейін жылытыңыз.

7. Ораудағы инсулин шприцін алыңыз. Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

9. Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, тері антисептигі кепкенше күтіңіз.

10. Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

11. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

12. Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

13. Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен тазартыңыз, алдымен үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек.

14. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға  дейін жеткізіңіз.

15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз.

16. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз.

17. Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

18. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

19. Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексеріңіз.

20. Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

21. Науқасты тамақтандырыңыз.

22. Қолғапты шешіңіз.

23. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 


 

Бұлшық етке инъекцияны орындау

Мақсаты: емдік - бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.

Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

- бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

- санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

- иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.

5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек.

7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).

8. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

10. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

11. Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

12. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

13. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.

14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз.

15. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

16. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

17. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.

19. Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 450 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін;

- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де  шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;

- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;

- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.

 


Көк тамырға иньекцияны орындау

Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.

Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: Көлемі 10-20 мл бір рет қолданылатын шприцті (иненің ұзындығы 40 мм),лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, тері антисептигін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

4. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).

5. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

6. Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

7. Резеңке бұрауды (венозды манжетаны)  иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

8. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

9. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін) сұраңыз.

10. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

11. Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

12. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

13. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерімен екі рет тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.

14. Оң қолға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

15. Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

16. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз.

17. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

18. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

19. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

20. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз.

21. Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарыңыз.

22. Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.

23. Мақта шаригін контейнерге салыңыз.

24. Шприцті инесімен, иненің қалпағын кигізбей қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.

25. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапанды тарс еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады.


 

Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін

бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру

 

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

2. Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.

4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

5. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де  ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.

9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.

10. Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

13. Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

14. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.

Ескерту: Кейбір система

ларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.


 

Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып

Енгізуді орындау

 

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың беткейлік веналары..

Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауа эмболиясы (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қанды ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, вирустік гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (тін бөлігінің қатаюы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын системаны, мақта шариктерін, салфеткаларды, лотокты, қолғапты, масканы, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке жабысқыш пластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), штативті, науқастың аты-жөні, палатаның № көрсетілген дәрілік ерітіндісі бар флаконды, анафилактикалық шокқа арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз.

4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

5. Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.

6. Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.

7. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз..

8. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз

9. Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен тізбектілікпен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз.

10.  Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың І саусағымен басыңыз.

11. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның еңкейту бұрышын азайтыңыз.

12. Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.

13. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.

14. Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.

15. Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

16. Жүйенің қысқышын ашыңыз.

17. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

18. Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.

19. Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаңыз.

20. Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаңыз.

21. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып алыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгіңіз.

22. Жүйені және инені, қалпағын кигізбей қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- қосымша дәрілік ерітіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады, флаконда енгізілген дәрілік заттың аты көрсетіледі

- тамызғыш босамағанынша флакондарды ауыстыру жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконның тығынын алдын ала антисептикпен тазартып, жүйенің қысқа шетіндегі инені тірелгенше енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз, егер де ауа кіргізетін болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз.

- енгізіліп жатқан уақытта бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ерітіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ерітіндінің ағымы тоқталған жоқ па?

- науқастың хал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды, бас айналуды, лоқсуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жауып және инені шығару қажет.


 

Х. Пункциялар

 

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды

плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау

Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.

3. Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

4. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

6. Болжамды тесетін жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

7. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

8. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.

9. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.

10. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

11. Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.

12. Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.

13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

14. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.

15. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшін кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.

16. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

18. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

19. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

20. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

21. Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.

 

Ескерту:

- плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

- плевра сұйықтығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

- ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.


 

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ІШті тесуге (лапароцентезге) ДАЙЫНДАУ

 

Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты лабораториялық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.

Қолдану көрсетілімдері: іш шемені, іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.

Қарсы көрсетілімдері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді, салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, тері антисептигін, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, еңді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.

3. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

4. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тері антисептигімен тазартып, өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

6. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5% спирттелген йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін дәрігерге беріңіз.

7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5% новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта, осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.

8. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троакарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды.

9. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.

10. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты лабораториялық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық).

11. Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең сүлгіні өткізіңіз, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

12. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

13. Емшара біткеннен кейін канюляны шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5% йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

14. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

15. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

17. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.

18. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

19. Алынған биологиялық материалды лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

 

Ескерту:

- манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

- сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.

 


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды

жұлынды (люмбальды) ТЕСУГЕ дайындау

Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).

Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 5 мл, 10 мл, 20 мл шприцтерді инелерімен, тесуге арналған мандрені бар инені, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, тері антисептигін, 5% спиртті йод ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Асептика ережесін қатал жағдайда сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.

3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.

4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).

5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.

6. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

8. Тесетін жердің терісін 5% йод ерітіндісімен, сонан кейін тері антисептигімен, ал сосын иодпен тазартыңыз.

9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыруды) жүргізу үшін 0,5% новокаин ерітіндісін шприцке сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренімен лотокқа салып беріңіз.

10. 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.

11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.

12. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.

13. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

14. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.

15. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.

16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.

17. Науқастың хал-жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.

18. Қолғапты шешіңіз.

19. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

20. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.

 


 

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйеГІН ТЕСУГЕ ( пункциясына) дайындау

Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларының диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, тері антисептигін, 5% спиртті йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.

4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.

5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5% спиртті йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын тері антисептигіне спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

9. Жұмсақ тіндерге қабаттау инфильтрациялық анестезиясын (жансыздандыруды) 2% новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде төс сүйегінің ортасына жүргізіңіз.

10. Кассирский пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.

12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен немесе тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған таңғышты салып, лейкопластырьмен бекітіңіз.

14. Қолғапты шешіңіз.

15. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

17. Науқасты палатаға апарыңыз.

18. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.

 

Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Ол иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.


 

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даЙЫНДАУ

Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.

Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, лотокты, 5% спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, 0,5% новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.

2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы қалып алуын сұраңыз.

5. Болжаған тесетін жерді өңдеу үшін 5% спиртті йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

6. Дәрігер сол қолмен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

7. Инені буынға енгізіп, шприцпен тінге жиналған сұйықтықты сорып алады.

8. Лабораториялық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.

9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

10. Инені шығарып алған соң, тесілген жерге 5% спиртті йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

11. Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 


 

ХI. Клизмалар. Жел шығаратын түтік

 

Тазарту клизмасын қою

 

Мақсаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысы судноны (егер де  процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де  емшара палатада орындалса).

3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

6. Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де  су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

15. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:

- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де  5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

- атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;

- егер де  науқас нәжісті аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.

 


 

Сифон клизмасын қою

 

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту және жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

6. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.

10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйықтықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.

11. Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.

13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.

14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ерітіндісіне салып қойыңыз.

16. Қолғапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 


 

Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою

Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ерітіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолғапты киіңіз.

3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.

4. Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.

5. Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.

6. Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.

7. Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне ұштықты енгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.

9. Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.

10. Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.

11. Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).

12. Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.

13. Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


 

Жел шығаратын түтікті қою

Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

Қарсы көрсетілімдері:  ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

2. Науқасты кермемен қоршаңыз (егер де  емшара палатада орындалса).

3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызыңыз, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

11. Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

12. Науқастың хал-жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.

13. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

14. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

16. Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту: егер де ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақ та тәулігіне 2-3 реттен кем емес.


 

Майлы клизманы қою

 

Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босаңсыту, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату, жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

3. Науқасты сол жақ қырына жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынынан бүгіліп, ішіне қарай келтірілуі керек.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. «Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.

7. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8. Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

10. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін шығарып алыңыз.

11. Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

13. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

14. Науқасқа ынғайлы жағдай жасап, терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертуін сұраңыз.

15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

 

Ескерту :

- емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;

- майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;

- науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;

- майлы клизманы түнде қою қажет.


 

Дәрілік кЛизманы қою

 

Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз.

3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

4. Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6. Жел шығаратын түтіктін саңылаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз.

7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен     3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.

10. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

11. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.

12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып, оң қолымен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Анал тесігі айналасын тазартыңыз.

15. Науқасты ескертіңіз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, төсекте            1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ қырымен жатуы қажет.

16. Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.


 

Тұзды (гипертониялық) клизманы Қою

Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.

Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокты, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

5. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.

6. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

7. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғап, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.

9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

10. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.

11. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

12. Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.

13. Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.

14. Ұштықты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

15. Қолғапты шешіңіз.

16. Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды, жуып кептіріңіз.


ХІI. ҚУықты катетерлеу

Әйелдердің қуығын катетерлеу

Мақсаты:  Дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелеріне және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: уретраның жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.

5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.

6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз.  Қолғапты киіңіз.

7. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.

8. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

9. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

10. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.

11. Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.

12. Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.

13. Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.

14. Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.

15. Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.

16. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.

17. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.

18. Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.

19. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

20. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

21. Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

22. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

23. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

25. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

 


Ер адамның қуығын катетерлеу

Мақсаты: Дер кезінде қуықтан зәрді дер кезінде шығару, кейіннен табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр шығарудың тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөлу мүшелері және жыныс жүйелеріндегі операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит (ен қосалқыларының қабынуы), гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

4. Науқасты арқасымен жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.

5. Науқастың бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз (стандартты қара).

6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

7. Науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара), жуу іс-әрекетін жүргізіңіз. Науқастың оң жағынан тұрыңыз, сол қолға залалсыздандырылған сүрткіні (салфетканы) алып, онымен жыныс мүшесі басынан төмен ораңыз.

8. Сол қолдың 3-4 саусақтары арасына жыныс мүшесін алып, сәл басын қысып, 1-2 саусақтармен сәл артық терісін ысырыңыз.

9. Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тампонын алып, фурацилин ерітіндісіне суландырыңыз. Тампондарды ауыстыра отырып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналынан шетке қарай тазартыңыз.

10. Бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын ашық сыртқы зәр шығару каналының тесігіне құйыңыз.

11. Пинцетті ауыстырыңыз.

12. Оң қолда қысылған залалды пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің шетін қолдың үстінен орап 4-5 саусақтар арасына қысыңыз.

13. Лотоктың үстінде катетерге 15-20 см ұзындықта залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

14. Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын жібермей ұстап, пинцетпен катетерді алғашқы 4-5 см-де енгізіңіз.

15. Пинцетпен катетерді тағы басынан 3-5 см ұстап, зәр шығаратын каналға 19-20 см ұзындықта ақырын енгізіңіз.

16. Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіріңіз.

17. Катетердің қалған шетін зәрді жинайтын ыдысқа салыңыз.

18. Зәр бөліну ағымы тоқтағаннан соң оң қолға салынған пинцетпен (керісінше реттілікпен) катетерді абайлап шығарыңыз.

19. Қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.

20. Катетерді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.         

21. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты және сүртінділерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

22. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

23. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Қуықты жуу

 

Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.

4. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.

8. Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.

9. Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

10. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.

11. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

13. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.

 

Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.


ХІIІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау

 

Лабораториялық анализге саусақтан қан алу

Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, қолғаптарды, тері антисептигін, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мейірбике зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала науқасқа ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Тері антисептигіне ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғаптарды киіңіз.

4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.

5. Тесілетін жерді тері антисептигіне ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және оның кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.

6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз.

7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері сызығы бойына орналасқан тілік жылдам түседі. Тілікті тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.

8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.

9. Әрбір қанды зерттеу үшін жаңа тамшыдан жинайды.

10. Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.

11. Қолданылған құралдарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:

- қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;

- ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.

 


 

ВАКУУМДЫ ЖҮЙЕ КӨМЕГІМЕН ВЕНАЛЫҚ ҚАНДЫ АЛУ

 

Қан алатын вакуумды жүйе – бұл қауіпсіз жүйемен қанды алу, тасымалдау және қанның сапалы анализінің үлгісі.

Вакутайнер – венадан қанды алуға арналған толық жабылған вакуумдалған пластикалық бір рет қолданылатын жүйе.

Ол 3 компоненттен тұрады:

1. Қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық ине.

2. Бір реттік ұстағыш

3. Белгіленген вакуумды көлемі бар залалсыздандырылған (пробирка) түтік.

Артықшылығы: қауіпсіздік, тиімділікті, үлгісінің бүтіндігінің кепілдігі және зерттеуді қайта жасау, ең аз гемолиз, микроұйынды қан, үлгіні алу аралығының уақыты және оның химиялық қосымша заттектермен жанасуы әр уақытта, қан мен химиялық қосымша заттектер көлемінің қатынасы тура, бұраудың әсері минимальды, үлгісі залалды.

Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу. Асқынулар: гематома (қанісік), тромбофлебит (венаның және қабынуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі).

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық инені, бір реттік ұстағышты, вакуумды түтіктерді, мақта шариктерін, қолғапты, лотокты, тері антисептигін, бұрауды (венозды манжетаны), клеенкалы жастықшаны, масканы, алжапқышты, қорғаныш көзәйнекті немесе экранды, түтіктерді тасымалдауға арналған контейнерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.

2. Лабораторияға жолдама жазыңыз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз.

5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

6. Қанды алуға арналған жүйені алыңыз.

7. Ораудың саңылаусыздығын, қан алатын негізгі компоненттердің сақталу мерзімін тексеріңіз.

8. Орауды (қорапшаны) ашыңыз. (стандартты қараңыз).

9. Инені алып, қорғаныш қалпағын алыңыз (егер де 2 жақтық инені қолданса, онда сұр қорғаныш қақпағын алыңыз).

10. Ине ұстағышқа инені қондырып, оны тірелгенге дейін бұрап бекітіңіз.

11. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. Қолдың жоғарғы бөлігін киімнен босатып, қолын төмен қарай түсіріп шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

12. Венозды манжетаны (бұрауды) иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне ішкі киімнің немесе салфетканың үстінен салыңыз.

13. Кәріжілік артериясындағы тамырды ұстаңыз (тамыр соғуы сақталулы болу керек).

14. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толыған көк тамырды табыңыз.

15. Көк тамырды толтыру үшін, науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.

16. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

17. Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаңыз.

18. Оң қолға жүйені алыңыз.

19. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көк тамырды бекітіңіз.

20. Науқастың қолына байланысты ине мен ұстағышты 150 бұрышпен ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгізіңіз.

21. Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен түтікті ине ұстағышқа қондырыңыз, түтік қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басыңыз, ол қан ағуды қамтамасыз етіңіз.

22. Залалды түтікке қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешіңіз. Қан шамасы түтікте белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтіңіз.

23. Ұстағыштан түтікті алынған қан түрімен шығарып алыңыз.

24. Түтіктің ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырыңыз, бірақ та шайқамаңыз, сілкімеңіз!.

25. Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі түтікті қондырыңыз.

26. Қанды тасымалдауға арналған контейнерге түтікті салыңыз.

27. Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойыңыз, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алыңыз.

28. Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраңыз.

29. Түтіктерге белгілер салыңыз.

30. Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды түтіктегі қанды жолдамасымен лабораторияға апарыңыз.

31. Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

32. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: түтікті ұстағышқа түтік қақпақшасы кіргенге дейін енгізу – қанның ағуын қамтамасыз етеді, ине резеңкілі мембрананы және түтік қақпақшасының тығынын теседі. Жасалған вакуум теңелту жасамағанша, қан түтікке өтеді. Қанның ақпауы - венаны өтіп кетіп тесу көрсеткіші. Бұл жағдайда түтікке қан тұспегенше инені (шығармай) тарту қажет.

- Ине ұстағыштан түтікті алғанда резеңке мембрана түпкі қалыпқа келеді, ине бойынша қан ағымы жабылады. Дәрігердің тағайындағанына байланысты әртүрлі түтіктерді қолдану қажет.

 


 

Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

 

Мақсаты: диагностикалық

Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.

Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).

5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

9. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.

13.  Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.

25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

26. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.

29. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

- ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

- қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

- шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

- жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

- вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу  - медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.


ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ

Қақырық – тыныс алу жолдарынан бөлініп шығатын патологиялық қоймалжың сұйықтық (секрет). Қақырықты лабораториялық жолмен зерттеу тыныс алу жолдарының диагнозын анықтауда маңызды орын алады және патологиялық үрдіс барысы мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУГЕ ЖИНАУ ЕРЕЖЕСІ:

Қақырық жинауда қауіпсіз іс-әрекет жасап, жұмыс істеу үшін және оны қауіпсіз жинау үшін мейірбеке арнайы және жақсы дайындалған болуы керек, себебі, кез-келген қақырық зарарлы немесе жұқпалы болуы мүмкін, әсіресе туберкулез микробактериясы. Мейірбеке әрбір науқасқа қақырықты лабораториялық зерттеуге жинау ережесін түсіндіру керек. Қақырықты жинауға түсі ашық, әйнек ыдыс қолдану керек, ыдысты тазалап май қалдықтарын қалдырмай содамен, (сабынсыз) жуып алады, оның аузы тығыз сұйықтық ағып кетпейтіндей жабылатын болуы керек. Бұл ыдыстың аузы кең, сыйымдылығы 50 мл немесе одан да көп болуы қажет. Түсі бұлыңғыр қоңырқай әйнек банкілерден гөрі, түсі ашық ақ әйнек банкілер ыңғайлы, ақ әйнек банкінің аузын ашпай-ақ сыртынан қақырықтың сыртқы түрін көруге мүмкіндік береді.

Қақырығы бар ыдыспен жолдама қағазын бірге қоюға болмайды, себебі ыдыс қабырғаларына қақырық тиген болса, одан жолдама қағазына жұғып, ауру одан әрі тарап кетуі мүмкін.

Мейірбеке қақырықты жинау процедурасын жақсы меңгерген болуы қажет, жинау, жұмыс жасау мен тасымалдауын жақсы игергені дұрыс.

- Қақырықты тамақ ішіетін бөлмеден, ұйықтайтын бөлмеден, басқа жерде, басқа науқастардан аулақ жерде немесе осыған арнайы бөлінген жерде жинауы керек. Қақырықты бірнеше сағат бойы біркезеңде жинау қажеттілігі ұсынылады.

- Егер қақырық сұйық болса, оның құрамында тағам қалдықтары мен мұрын қуысының сілекейі араласып кетсе қақырық жинау процедурасын қайталау қажет.

- Қақырықты таңертен, тамақ ішпей тұрып, ауыз қуысын тазалағаннан кейін жинау қажет.

- Қақырықты салқын жерде еденге қойып сақтауға болады.

- Науқастан ауру жұғып кету қаупінің алдын алу үшін мейірбеке қақырық жинап жатқанда науқастың артқы жағында тұруы керек.

- Науқасқа зерттеуге қақырғанда шығатын қақырықты емес, тек жөтелгенде ғана бөлініп шыққан қақырықты жинау қажеттілігін түсіндіру керек.

 

Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау

Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

Дайындаңыз:

- сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін);

- 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.

2. Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

- тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинаңыз;

- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.

Ескерту:

- егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

- қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.

 


 

Атиптік жасушаларға қақырықты жинау

Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Дайындаңыз:

- сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палата нөмірін, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның келісімін алыңыз.

2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

3. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты жинауға  2 сағаттай қалғанда тісін тазалауды;

- тұп-тура қақырық жинар алдында ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды;

- бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

4. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

5. Жиналған қақырықты қарап, бір сағаттан кешіктірмей лабораторияға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.

 


 

Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау

Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: 3 арнайы шыны контейнерді немесе сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес кең мойынды тығыз бұрандалы қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді. Тұнық контейнердің қыр бетіне белгі салыңыз (науқастың аты-жөнін, алған күнін, идентификациялық номерін, ФТБ-05 жолдамасын толтырыңыз, белгі салынған металды биксты, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.

2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

4. Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз.

5. Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

6. Науқасқа контейнерді беріңіз.

7. Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз.

8. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

9. Контейнерді қақпағымен жабыңыз.

10. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.

12. Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металды бикспен лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

- қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медицина қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

- қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

- қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- қақырықты жинау міндетті түрде медицина қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

- бір рет қолданылатын контейнерлер пайдаланылғаннан соң жоюға жатады

- медициналық мекемелерде қақырық 7 күндей тоңазытқышта сақталады.


 

Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау

 

Мақсаты: диагностикалық: ауру қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулез, тыныс алу жолдары аурулары және басқа да жұқпалы аурулар.

Дайындаңыз: сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес, тұнық жабылатын қақпағы бар залалсыздандырылған арнайы шыны контейнерді, металды биксті, қайнатылған суы бар ыдысты, салфетканы, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

2. Контейнерді нөмірлеңіз.

3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет масканы киіңіз.

5. Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.

7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен контейнердің шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- контейнердің қақпағын ашуды;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен контейнерге шығаруын;

- қақырық жинайтын контейнерді төменгі еріннің тұсында ұстап, контейнердің шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

9. Контейнердің қақпағын бұрап жабыңыз.

10. контейнердің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісінде суландырылған салфеткамен сүртіңіз.

11. Жиналған қақырықты қарап, контейнерді темірлі бикске орналастырыңыз.

12. Бактериологиялық лабораторияға 2 сағат ішінде қақырықты апарыңыз.

13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14. Қолды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- қақырық бөлу қиындаған жағдайда, қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.

 


 

ЖЕКЕ ТҮКІРГІШТІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

 

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, өкпе туберкулезі, әртүрлі зерттеулерге қақырықты жинау.

 

Даярлаңыз: залалсыздандырылған қалта түкіргішін (мойны кең белгісі бар қоңыр шыныдан жасалған ыдысты бұрандалы қақпағымен), дезинфектантарды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен жеке түкіргішті қолдану ережесі туралы әңгіме жүргізіңіз.

2. Қақырықты жинауға арналған таза, құрғақ жеке түкіргішті науқасқа беріңіз.

3. Түкіргіштің ¼ бөлігін дезинфектантпен толтырыңыз (қақырықты зарарсыздандыру үшін).

4. Қақырықты түкіргіштің ¾ көлемі белгісіне дейін толтыру қажеттілігін түсіндіріп, науқасқа түкіргішті беріңіз.

5. Түкіргіш толған соң түкіргіштегі қақырықтың үстінен зарарсыздандыру ерітіндісін 4 сағатқа құйып зарарсыздандырыңыз.

6. Түкіргіштегі қақырықты зарарсыздандыру ерітіндісімен канализацияға төгіңіз.

7. Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа салыңыз.

8. Түкіргішті ағынды судың астында жуыңыз, құрғатыңыз және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қойыңыз.

 


 

Жұтқыншақтан жағынды алу

 

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

9. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

10. Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.

11. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен жағынды алыңыз: оң жақ көмекей безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ көмекей безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен.

12. Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

13. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

15. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз.

 

Ескерту:

- жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

- бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

- егер де жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.


 

Мұрын қуысынан жағынды алу

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.

Дайындаңыз: штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз.

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мұрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз. Науқастың мұрын қуысын қараңыз.

7. Қажет болса мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастан мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазартып шығарыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

8. Беті жабық «Мұрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, тампонды (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиюі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

9. Науқастың мұрнының ұшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысына 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғалары мен пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

10. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

11. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай тампонды енгізіңіз.

12. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

13. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

14. Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

16. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

 

 

Ескерту: материалды апарғанға дейін t 4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.


 

Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу

Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс- әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Науқасқа зәрді жинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз.

6. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).

7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

8. 100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз.

10. Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.

11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз.

12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

Ескерту:

- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

- зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.

 


 

Нечипоренко әдісімен зәрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз).

4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.

6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз

7. Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз.

8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.

 

Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері әдістермен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.

 

Формалы элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

- лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

- эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

- цилиндрлер – жоқ.

 


 

Зимницкий байқауына зәрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын 8 контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, порцияның №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

- зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

- бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

- зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін,

№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін,

№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін,

№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін,

№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін,

№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін,

№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін,

№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін.

4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарыңыз.

 

Ескерту:

- Егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

- порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.

Зимницкий байқауы – бұл бүйрек қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.

Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

- Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

- Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

- Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

- Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

- Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.

 


 

Диастазаға зәрді жинау

Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).

Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, алған күнін көрсетіңіз).

 

Іс әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Зәрді жинауға контейнер беріңіз.

2. Таңертең жаңа бөлінген зәрдің мөлшерін контейнерге жинаңыз.

3. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

4. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде лабораторияға апарыңыз.

 

 

Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбеюі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.

 


 

Қантты анықтауға зәрді жинау

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатын контейнерді, сыйымдылығы 3 л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

3. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5. Қолғапты киіңіз.

6. 3 литрлік банкідегі бір тәуліктік диурезді (зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

8. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).

9. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

10. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.

11. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.

Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау

Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.

Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.

 

Іс -әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

4. Резеңке қолғапты киіңіз.

5. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

6. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

7. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- қалыпты нәтижеде – кері реакцияда, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).


 

Розин байқауын жүргізу

(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).

Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт- ректификатпен белгіге дейін құяды), немесе Люголь ерітіндісімен, таза құрғақ, шыны пробирканы, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған ыдысты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. 4-5 мл зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.

5. Пробирканың қабырғасы бойымен абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ерітіндісін тамызғышпен тамызыңыз.

6. Қараңыз: пробиркадағы ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егер де  билирубин болса).

7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

8. Қолданған тамызғышты, пробирканы, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 


 

Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау

 

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.

Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, пробирканы.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара  барысын түсіндіріңіз.

2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

4. Қолғапты киіңіз.

5. Зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.

6. Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

7. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

8. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.

 


 

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

( әйелдер үшін)

 

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатын контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Мейірбикенің і с-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.

2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.

3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

 

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

 

4. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

5. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.

6. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

7. Салфеткаларды кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

8. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

9. Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын түтіктің тесігі жанынан ұстаңыз.

10. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

11. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

12. Контейнерді қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

13. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

14. Киініңіз

15. 3әрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.

 

Ескерту :

- зәрді биксте жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

- материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.

- зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

- егер де  зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.


 

З ә рді бактериологиялық зерттеуге ал у

( еркектер үшін )

 

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Мейірбикенің і с-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

3. Науқастан дәретхана бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

 

Науқастың і с-әрекет алгоритмі:

 

4. Қолыңызды сабындап, жылы суда жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

5. Жыныс мүшесінің басын артық теріден босатып, сабындап сумен жуыңыз.

6. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

7. Салфеткаларды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

8. Зәрді жинауға арналған контейнерді алыңыз, оның ішкі бетіне және қақпағына тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

9. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдың тесігіне жақын ұстаңыз.

10. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

11. Контейнерді қойып зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

12. Контейнердің қақпағын жабыңыз, қағаз сүлгісінің үстіне қойыңыз.

13. Қолыңызды жылы суда сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

14. Киініңіз.

15. 3әрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.

 

Ескерту :

- бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

- материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта 4-60С температурада сақтайды;

- микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және қарқынды несеп бөліп шығаруға (диурез) дейін қалыпты су ішу тәртібінде тағайындайды;

- егер де табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.

 


 

Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: кең мойынды бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, шыны қалақшаны, этикетканы жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. 3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады деп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

3. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

4. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

- нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.

6. Науқас қолғапты шешіп контейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.

7. Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын).

 

Ескерту:

- тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

- клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.


ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға

нәжісті алу

Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртының түрін анықтау.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.

3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

- науқас нәжісті алар алдында қолғапты киюі қажет;

- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, науқас нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.

4. Науқас қолғапты шешіп, контейнерге салады, қолын жуып және құрғатуы қажет.

5. Контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минуттен кешіктермей).

 

Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.


 

Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу

 

Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнердің сыртына желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет (рационнан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

2. Науқасқа түсіндіріңіз: нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.

3. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кету, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір келу), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

4. Егер де жауап дұрыс болса нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын нұсқау беріңіз:

- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

- егер науқастың мұрнынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

5. Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.

6. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

7. Үлкен дәретке отырған соң нәжістің қара әртүрлі учаскесінен 5-10 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабыңыз.

8. Контейнерді ішіндегі нәжіспен лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


 

Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті ҚОректі ортасы бар Петри табақшасына алу

 

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Дайындаңыз: қоректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробирканы ішіндегі залалды тік ішектік ілгекті, судноны немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарындашты), биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

5. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

9. Петри табақшасының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті қоректі ортаның бетіне 1,5-2 см көлемді «тегістік жер» жасап, (ептеп, қоректі ортаны тырнамай) бір қалыпты жағыңыз.

10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» қоректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 37°С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

- материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t 4-60С сақтайды;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.


Бактериологиялық зерТтеуге «ашық нәжістен»

нәжісті пробиркаға алу

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

Дайындаңыз: мақта-дәке тампондарымен тығыз жабылған, материал алу үшін темір ілмекке өзек қондырылған залалсыздандырылған пробирканы, судноны немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарындашты), штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробиркаға стеклографпен белгілеңіз.

5. Пробирканы штативке орнатыңыз.

6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті пробиркадан алыңыз (пробирканы тығыз жапқан мақта-дәке тампонының тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз.  Пробирканы тығынымен тығыз жабыңыз.

10. Пробирканы штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

11. Биксті «кілтке» жабыңыз.

12. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз.


 

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

- материал лабораторияға жеткізгенше тоңазытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.


Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу

 

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған пробирканы, материалды алуға арналған өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробирканы стеклографпен белгілеңіз.

5. Пробирканы штативке орнатыңыз.

6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті пробиркадан шығарып алыңыз.

8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

9. Тік ішектің қабырғасынан (өзегінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

10. Пробирканың шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

11. Пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы, шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды лабораторияға жеткізгенше t-4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.

ХIV. НАУҚАСТАРДЫ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ

Науқасты бронхоскопияға даярлау

 

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.

Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.

3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.

4. Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

5. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.

6. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.

7. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.

8. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.

9. Науқасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.

 


 

Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даЙЫНДАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.

ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.

 

Ескерту:

- т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.


 

НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ

 

Колоноскопия – бұл аспаптық әдіс. Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігін эндоскоптың иілгіш сүңгісі көмегімен зерттеу.

Әдістің диагностикалық маңызы: Колоноскопия жуан ішектің сілемейлі қабығын тұп-тура қарайды. Эндоскоп жуан ішектің кез-келген бөлігіне анал тесігі арқылы енгізіледі. Қарағанда қабыну үдерісі, ішкі геморрой, сызат, эрозия, қан құйылу, қатерлі ісікті табылады. Әдісте мазок жағынды алу, шырышты қабаттан соскобты жасау. Биопсия жүргізу.

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету, науқасқа хабарлау және науқасты оқыту.

Науқастың күрделі мәселелері:

Науқастың мәселелері:

- Алда болатын манипуляцияға, науқастың негативті қарым-қатынасы;

- Араласу алдындағы қорқыныш;

- Ұялшақтық;

- Емшараны жүргізгенде дискомфортты сезіну.

Қолдану көрсетілімдері:

- Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктер ауруларын диагностикалау үшін;

- Жуан ішектің зақымдануы ұзындығын анықтау үшін және хирургиялық операцияның көлемін таңдау;

- Морфологиялық денгейде диагнозды анықтау үшін;

- Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлімдерінің, сілемейлі қабығын визуальды қарау;

- Диспансерлік және профилактикалық қарауларды жүргізу үшін;

- Ішек түйілуінде, қан кеткенде, бөгде заттар және тағы да басқа ауруларда және тоқ ішектің жарақаттануы.

Қарсы көрсетілімдері: бейспецификалы ойық жаралы колиттің ауыр түрлері, Крон ауруы ішектен қан мол кету, жүрек-өкпе жетіспеушілігінің ауыр түрі, ауырсыну синдромы бар тік ішек аймағының жедел аурулары. Құрсақ қабырғасының жарығы, ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру.

 

Асқынулар:

- Жуан ішектің тесілуі;

- Шажырқайдын керілуіндегі ауырсыну реакциясы;

- Жуан ішектін сірнелі қабықтың жарылуы.

 

Дайындаңыз: колоноскопты, фортрансты, колоноскопияға жолдаманы.

 

Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

Қабылдауға болмайды: етті, қара нанды, жеміс-жидектер мен көкөністерді,көктерді, фасоль мен горохты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, шемішкені, жаңғақты, сүйегі бар вареньені, соның ішінде кішкене шаттауығы бар (қарақат және таң қурай) жүзімді, кивиді.

Активировинный угольді қабылдамаңыз!

Қабылдауға болады: сорпаны, пісірілген етті, балықты, тауықты, сырды, ақ нанды, майды, печеньені, компотты және кисельді.

Тексеру қарсаңында: тек қана сұйық тамақ қабылдауға рұқсат беріледі (сорпа, кисель, жұмсақсыз сөктар)

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады.

6. Фортранс препаратының ерітіндісі зерттеуге дейін тағайындалады. 1 пакеттен аз қолдану қажет (1 литр ерітінді) 15-20 кг дене салмағына.

7.

Дайындау кезеңі Зерттеу алдындағы күн Зерттейтін күн
1 кезеңді дайындау 1300 – соңғы тамақты қабылдау 1500 – 1900 – 4 литр фортранс ерітіндісін қабылдау Күннің бірінші жартысында зерттеу жүргізіледі
2 кезеңді дайындау 1500  - соңғы тамақ қабылдау 1700 – 1900  - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау 700  - 9 00 - 2 литр фортранс ерітіндісін қабылдау. Күннің екінші жартысында зерттеу жүргізіледі.

 

8. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

9. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз. Бақылау мен тыныштықты қаматамасыз етіңіз.

 

Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту – дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.


 

науқасты РекторомАноскопияға даЙЫНДАУ

 

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх крушкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшараның мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.

2. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.

3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық крушка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған крушка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

4. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

5. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.

6. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

 

Ескерту:

- ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыққа енгізіледі;

- ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

- егер де  науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

- науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.

 


 

Науқасты цистоскопияға даЙЫНДАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жууға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.

Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші кызметін атқарады.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.

3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.

4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.

6. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.

7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.

8. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.

 


 

Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау

іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек

 

Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.

Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Дайындау ережесін бұзыуының.

3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайтын дәрілер.

5. Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

7. Зерттеу қарсаңыңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

 

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):

- науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

- науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіп қойыңыз;

- науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.


 

науқасты Бронхографияға дайындау

Бронхография – тыныс алу (бронхтардың) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.

Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау.

Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.

Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.

Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.

Брон х о г рафияны дәрігер жүргізеді.

Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.

2. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).

4. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.

 

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты орындыққа отырғызыңыз.

2. Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.

3. Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).

4. Бронхтың тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.

5. Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.

6. Науқасты палатаға апарыңыз.

7. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

 


 

науқасты Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындау

 

Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенің орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.

Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзінің (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.

Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

4. Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

5. Егер де іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.

 

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеуді жүргізгенде сульфат барий жүзін (100-150 гр) 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

2. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

 

Науқасты ирригоскопияға дайындау

 

Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.

Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінің өршу кезеңі, ішектен қан кету.

Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t36-370С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).

Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.

 

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.

5. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.

6. Күндізгі сағ.12-де зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.

7. 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.

8. Кешке зерттеу қарсаңында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.

9. Тәнертең зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.

10. Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертең жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.

11. Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ертіп апарыңыз.

 

Рентгенологиялық кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

12. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

13. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз.

14. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.

15. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

 

Ескерту:

- ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан: шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс соктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды алып тастаңыз;

- тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.

 


 

науқасты Көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау

 

Бүйректі және зәр бөліну жолдарын рентгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.

Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.

Дайындаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).

Пиелографияны дәрігер жүргізеді.

 

Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз.

2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды.

4. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды.

5. Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін науқасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз.

6. Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігі туралы науқасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды.

7. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді.

8. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

9. Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.

2. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.

3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.

4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.

5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


ХV. Сүңгілі манипуляциялар

 

АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

 

Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүңгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды, шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де  олар болса).

5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.

9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.

10. Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырыңыз.

11. Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

12. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.

13. Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

14. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз.

15. Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.

16. Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

17. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

18. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.

19. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

20. Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.

21. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

22. Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

23. Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

24. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

27. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.

28. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.

 

Ескерту:

- сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

- егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

- шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

- егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

- сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.

 

АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ

 

Мақсаты: емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.

Дигностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.

Дайындаңыз: ішінде суы бар 2-3 л ыдысты, стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды, дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты (шылапшынды).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Орындыққа науқасты отырғызыңыз;

2. Науқастын аяғына жуынды суға арналған ыдысты қойыңыз;

3. Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз;

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;

5. Науқасқа 4-6 стакан суды қатарынан ішуге ұсыныңыз;

6. Құсық рефлексін шақыру үшін оң немесе сол қолдың 2-3 саусақтарымен, шпательмен тілдің түбірін тітіркендіруін науқастан сұраңыз.

7. «Таза жуынды су» алынғанша емшараны бірнеше рет қайталаңыз;

8. Науқасқа ауызын шайқау үшін су беріңіз, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз;

 

 

Ескерту:

- Белгісіз у мен уланғанда құсығын таза құрғақ банкаға жинаңыз;

- Банкінің қақпағын тығыз жабып, жолдаманы толтырып лабораторияға зерттеуге апарыңыз.


 

Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық

әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу

 

Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісін, лабораторияға жолдама жазыңыз, онда науқастың аты-жөні, бөлімшесі, палатасы, зерттеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.

4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

6. Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

8. Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).

9. Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

10. Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

11. Науқастан аузын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып, сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

12. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын, жұтыну қозғалысын жасап, сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егер де  науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз!).

13. Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

14. Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).

16. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену).

17. Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

18. 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).

19. Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).

20. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).

21. Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.

22. Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23. Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп лабораторияға жіберіңіз.

 

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет.


 

Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу

 

Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораториялық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.

2. Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егер де  болса).

6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.

7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап, сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егер де  науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.

13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

16. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

17. Қысқышты босатып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

18. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

19. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

20. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

21. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

22. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

23. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

24. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, лабораторияға жіберіңіз.

26. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.

 

Ескерту:

- емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

- зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

- асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егер де шприцке сұйықтық түспесе, онда сүңгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

- асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге еңгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

- бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

- егер де ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылытқыш қойылмайды;

- лабораторияға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.


ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы).

1. Науқастың қал-жағдайы туралы дәрігерге хабарлаңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

3. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Жедел дәрігерді шақырыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғы арасына шылапшынды қойыңыз.

4. Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егер де  олар болса).

5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын алдынан ұстаңыз.

6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз.

9. Белгісіз умен уланғанда құсықты контейнерге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

10. Дәрігердің нұсқауы бойынша құсықты лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету

Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа дәрігерді шақырыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

3. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз. Егер де  бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

4. Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егер де  олар болса).

5. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокты қойыңыз.

6. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз. Егер де науқас өздігінен ауызын сумен шайқай алмаса, онда ауыз және мұрын қуыстарына күтімді жүргізіңіз.

7. Құсықты қарап, дәрігер нұсқауы бойынша лабораторияға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.


 

ХVІ. Өкпе-жүрек реанимациясы

Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің

Іс-әрекет алгоритмі

 

Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.

Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.

Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):

- мәңгіру;

- есі шатасқан;

- артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

- шеткерлі артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

- тыныс алуы жие, үстірт;

- ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);

- терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

 

Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Жанталасу жағдайы – тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы.

Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

- тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

- ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;

- жүректің жиырылуы жиіленеді;

- артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

- шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;

- жалпы тонустық құрысу;

- дене қызуы төмендейді;

- еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.

 

Клиникалық өлім – бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.

Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі де, кенеттен есінен айырылады.

Клиникалық өлімнің белгілері:

- есі болмайды;

- тыныс алуы тоқтайды;

- терісі бозарады, сұрланады және көгереді;

- ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

- көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

- рефлекстері толық болмайды.

 

Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге, алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:

- зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;

- кеуде торының алдыңғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.

В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.

С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

 

А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету

Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін  қамтамасыз етеді.

Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі - тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін.

 

Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.

Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:

- зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;

- аузын ашыңыз;

- алмалы-салмалы тістерін алыңыз;

- оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;

- зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.


ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.

2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.

3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.

Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.

 

В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы

Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.

2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.

3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.

 

Өкпенің жасанды вентиляциясын

«ауыздан - ауызға» жасау әдісі

 

Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

- бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

- осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

- екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

- терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.

 

Өкпенің жасанды вентиляциясын

«ауыздан - мұрынға» жасау әдісі

 

- зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады;

- терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.

Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.

 

С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау

 

Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

2. Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.

3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.

4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз.

5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.

6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады.

7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.

9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.

 

Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.

Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.

Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.

Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.

 

Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:

 

Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:

- ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады;

- көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді;

- тыныс алуы қалпына келеді;

- терісінің түсі жақсарады.

Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды.

 

Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.

Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.

Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.

 

Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтын тоқтауы.

Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:

- тыныс алуы толық тоқталады (апноэ);

- қан айналымы тоқталады (асистолия);

- ес-түсі жоқ (кома);

- көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды;

- «мысық көз» белгісі;

- дене қызуы төмендейді;

- өлік дағы пайда болады;

- өлік сіресіп қатып қалады.


ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.

Қолдану көрсетілімдері:  науқастың өлімі.

Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін.

 

                                                 Іс- әрекет алгоритмі

1. Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек.

4. Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.

5. Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз.

6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың медициналық картасына тіркеңіз.

7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.

8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады.

9. Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз.

10. Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілген толтырылған құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.

11.  Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егер де туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз.

12.  Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.

13.  Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады.

14.  Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.

 

Ескерту:

 -  паталогоанатомиялық бөлімшеге өлікті 2 сағаттан кейін апарады,

- Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер айқындайды, ол өлімнің клиникалық диагнозын және себептерін көрсетіп анықтама береді.

- Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе операциядан кейінгі дренаждарды, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.

 


 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела». Учебное пособие для медицинских училищ и колледжей, 2 изд. «ГЭОТАР – Медиа», 2012.

2. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела:– 2 изд. «ГЭОТАР – Медиа», 2010.

3. Кулешова Л.И. Основы сестринского дела: курс лекции, сестринские технологии. 2изд. Ростов-Н/Д Феникс, 2012.

4. Обуховец Т.П.  Основы сестринского дела. Практикум. Ростов-Н/Д, «Феникс», 2010 (издание 10-ое, стереотипное) под редакцией к.м.н., Кабарухина Б.В.

5. Широкова Н.В. и др. Основы сестринского дела. Алгоритмы манипуляции: учебное пособие. М., «ГЭОТАР-МЕДИА», 2012.  

6. Островская И.В., Широкова Н.В. Основы сестринского дела: учебное пособие.– М., ГЭОТАР – Медиа, 2008.

7. Осипова В.Л. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. М., «ГЭОТАР-МЕДИА», 2012.  

8. Баулин С.И. Справочник медсестры процедурного кабинета. Ростов Н/Д, изд. «Феникс», 2008.

9. Скворцов В.В. Основы сестринского дела. Ростов Н/Д, изд. «Феникс», 2008.

10. Яромич И.В. Сестринское дело и манипуляционная техника. Минск, 2010.

11. Ослопов В.Н., Богоявленская О.В. Общий уход за больными в терапевтической клинике. М., «ГЭОТАР-МЕДИА». Учебное пособие для вузов, 2007.

12. Вебер В.Р., Чуваков Т.И., Лапотников В.А., Копина М.Н. «Основы сестринского дела», Ростов/Д, изд. «Феникс», 2007.

13. Зуева Л.П. «Гигиена рук и использование перчаток в ЛПУ». М, 2007.

14. Смолева Э.В. Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи. Ростов Н/Д, изд. «Феникс», 2007.

15. Лемента Е.В., Прилепская В.Н. Сестринское дело (практические манипуляции). М., Ростов/Д, изд. «Март», 2005.

16. Кулешова Л.И., Пустоветова Е.В., Рубашкина Л.А. Инфекционный контроль в лечебно-профилактических учреждениях. Ростов/Д, изд. «Феникс», 2003.

17. Двуречинская В.М., Каплина А.А., Чуприна Р.Н. Подготовка пациента к исследованиям, технология сестринских манипуляций. Ростов/Д, изд. «Феникс», 2002.

 


 


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 292; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!