СИФОНДЫ КЛИЗМА ЖАСАУ ТЕХНИКАСЫ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ЧЕК-ПАРАҚШАСЫ

 

 

Шымкент – 201 7 ж

Чек-парақшасы ҚР ДСМ министрінің 17.09.2010 ж. №731 бұйрығымен бекітілген және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырған «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша педиатрларға арналған үлгілік оқу бағдарламасы негізінде және ҚР ДСМ медициналық оқу әдестемелік құжаттарды өндеу бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сәйкес және жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды.

 

Кафедра менгерушісі, м.ғ.к., доцент ________________ С.М.Тоқбергенова

 

Хаттама №_____ «_______» __________ 2017 ж.

 

.

 

         

                                        

Бағалау және оқыту әдістері комитетінде қаралды.

 

Комитет төрайымы, м.ғ.д., профессор қ.а._________________А.Ш.Садыкова

 

Хаттама №_____ «_______» __________ 2017 ж.

 

 

Білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданды.

 

Комитет төрайымы м.ғ.к., доцент __________________ П.Е.Калменова

 

Хаттама №_____ «_______» __________ 2017 ж.

 

ОҚКЕ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ РЕТТІК ҮЛГІСІ

(Балалар хирургиясы)

 

         
 
 

 

 


«БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНАН» ОҚКЕ ҮШІН ҚАЖЕТТІ

ЖАБДЫҚТАРДЫҢ, ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

Аты Қажетті жабдықтар
1   Тік ішекті саусақпен тексеру Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, залалсыздандырылған қолғап, вазелин, қол жуатын ыдыс, сүлгі, Тік ішекті саусақпен тексеруге арналған муляж .
2   Өкпе-жүрек реанимациясы Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, салфеткалар, залалсыздандырылған қолғап, өкпе-жүрек реанимациясына арналған манекен.
3 Рентген, компьютерлік томограмма суреттерін қорытындылау Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, негатоскоп, рентген және компьютерлік томограмма суреттері.
4   Жараның біріншілік хирургиялық өндеуі Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, қол жуатын ыдыс, сүлгі, стерильденген қолғап, салфеткалар, дәкелі шариктер, жара сызығы бар поролон (көлемі 15х20х8 см), ине, жіп.
5     Сифонды клизма Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, қол жуатын ыдыс, сүлгі, стерильденген қолғап, ұзындығы 1,0-1,5 м, диаметрі 0,8-1,0 см болатын резеңке түтікшелер, 0,5-2,0 литр көлеміндегі воронка, құмыра, термометр, вазелин майы, леген.
6 Сыртқы қан кетуді тоқтату Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, мақта, байлам, дәке, бұл кезеңге волонтер қатысады.
7 Тізе буының пункциясы   Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, мақта, шприц инесімен, тізе буының пункциясына арналған муляж.
8 Плевралдық пункция Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, салфеткалар, дәкелі шариктер, стерильденген қолғап, тері мен тері асты клетчаткасын жансыздандыру үшін қолданылатын шприц пен ине. Плевральді тесуге арналған ине. Инеде тесу бағытын көрсететін белгі болуы керек, ине бітеліп қалмау үшін мандрен міндетті түрде болуы қажет.
9 Клиникалық ситуация Студентке арналған ситуациялық есептер, емтихан қабылдаушыға арналған эталондар, құм сағат.
10 Асқазанды жуу Студентке арналған тапсырма, емтихан қабылдаушыға арналған мәлімет, құм сағат, мақта, шендеуіштер, дәке, бұл кезеңге волонтер қатысады.

 

1 кезең

ТІК ІШЕКТІ САУСАҚПЕН ТЕКСЕРУ

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді төмендегі келтірілген, яғни тік ішекті саусақпен тексеру әдісін тәжірибелік дағдыларды бағалау.

 

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Наукас баланы не ата-анасын тексерумен танысгырып, түсіндіріледі. 1,0 0,5 0
2. Тексеру жүргізуге кажетгі құрал-жабдықтардың дайындығы тексеріледі. 1,0 0,5 0
3. Баланы аркасына жатқызып, екі аяғын аздап бугіп ішіне қарай тартадьі да, осылай ұсталынып тұрады. 1,0 0,5 0
4. Хирург қолына резина қолғап киіледі. 1,0 0,5 0
5. Сұқ саусақ вазелин майымен майланады. 1,0 0,5 0
6. Хирург сұқ саусағын баланың анальдық тесігіне ақырындап енгізеді. 1,0 0,5 0
7. Сұқ саусақ ұшымен тік ішектің алдыңғы қабырғасындағы ауырсыну аныкталады. 1,0 0,5 0
8. Ақырындап сұқ саусактың соңғы фалангасымен тік ішектің оң жак кабырғасын тексеріп, ауырсынуды анықтау. 1,0 0,5 0
9. Тік ішектің күмбезін тексеру. 1,0 0,5 0
10. Сұқ саусақпен тік ішектегі паталогиялық түзілістер бар-жоғын текссру, саусакты тік ішектен шығарып, саусақтағы жабысқан түзілістерді анықтау. 1,0 0,5 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

2 кезең

Өкпе-жүрек реанимациясы

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді өкпе-жүрек реанимациясын тәжірибе жүзінде көрсетуін бағалау.

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Клиникалық өлімнің диагностикасының әдістері мен белгілерін атап өтті: · Қан аймалымының болмауы – ұйқы артериясын пальпацияланған кезде пультің болмауы, жүрек ұшы проекциясы аймағын аускультацияланғанда жүрек тондарының естілмеуі; · өздігінен тыныс алудың болмауы - мұрын немесе ауыз аймағына жақындалған жіпше немесе шаштың тербелесінің болмауы; · қарашықтарының жарыққа реакциясының болмауы және кеңеюі- қан айналымы тоқталған соң 40-60 минуттан кейін дамитын ми гипоксиясы белгілері естің болмауы және толық арефлексия 1 0,5 0
2. Реанимациялық іс-шараның басталған уақытын анықтады және көмек шақырды 1 0,5 0
3. Мынандай жағдайларда: тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалай қалпына келтіру керектігі жөнінде айтты (саусақпен, катетермен, кез-келген сорғыш құрылғымен тазалау) · суға кеткенде (перевернуть пострадавшего), · бөгде дененің болуында ( Геймлих әдісі және т.б.), көмей ісінуінде (коникотомия, трахеостомия) 1 0,5 0
4. Науқасты қалай дұрыс жатқызу керектігін көрсетті: қатты тегіс беткейге нуқастың аяғын горизонтальды деңгейден 60°, ал басын — 20° жоғары көтеріп (венозды қанның жүрекке қайтуын күшейтеді және көктамырда қанның жинақталуын азайтады), көкірек клеткасын киімдерден босатты. 1 0,5 0
5. Тілдің артқа кетуінің алдын алу үшін Сафардың үштік әдісін қолданды: а) науқастың басын шалқайту б) науқастың аузын ашу в) төмеңгі жақты жоғары және алға көтеру, төмеңгі күрек тістер үстіндегіден жоғары болуы керек 1 0,5 0
6. «Ауызбен ауызға», «ауызбен мұрынға», Амбу қапшығы көмегімен өкпені жасанды желдету әдістерін дұрыс жүргізді. Нәрестелерде дем алатын ауа көлемі ауыз қуысы көлеміне сәйкес, үлкен балаларда – жастарына сайкес (5-6 жас – 200 мл, 10 жас – 400 мл). 1 0,5 0
7. Жүрекке тікелей емес массажды дұрыс жүргізді: бір қолдың екі саусағымен (сұқ саусақ және ортаңғы) немесе екі қолдын баспармақтармен баланың көкірек клеткасын алақанмен ұстап, төсті 2-3 см дейін иіледі. Соққы жеткілікті түрде кенеттен және жеткілікті түрде ұзақ (ұақыттын 60%). Ритмі және жиілігі усталып турады (100-120 рет минутына). 2 1 0
8. Өкпені жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массажды бір уақытта жүргізудің оптималды қарым-қатынасын атап және жариялады, егер құтқарушы екеу болса 1:5, егер құтқарушы біреу болса 2:15 қатынасында болады 1 0,5 0
9. Өткізілген іс-шаралардың әсерін бағалады: · төс компрессиясы кезінде ұйқы артериясында пульс толқынының пайда болуы; · көкірек клеткасының экскурсиясының адекваттылығы және тері жабындыларының түсінің жақсаруы; қарашықтың тарылуы және жарыққа реакциясының пайда болуы 1 0,5 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

 

 кезең 3

Рентген, компьютерлік томограмма суреттерін қорытындылау

 

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді іс - тәжірибе жүзінде рентген суретерін, КТ интерпретациялауын бағалау.

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Интерн рентеген суретін,КТ көру барысында, қай мүше екендігін дұрыс анықтады. 3 1,5 0
2. Рентген, КТ суретіндегі өзгерістерді дұрыс талдай білді. 3 1,5 0
3. Дұрыс адекватты диагностикалық қорытынды жасады.   4 2,0 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

4 кезең

Алғашқы хирургиялық өндеу

 

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: студенттерді төмендегі келтірілген, яғни жұмсақ тіндердің жарасында алғашқы хирургиялық өңдеуді және терілік тігіс салу мен оны шешудегі тәжірибелік дағдыларды бағалау.

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Жұмсақ тіндердің зақымдалуында дәрігер тактикасы, оның жарақаты мен түрлеріне байланысты дұрыс екенін. Ең алдымен зақымдалудың түріне байланысты ескеруі. Тіндердің зақымдалуында езілген, мыжылған тіндерді алып тастау дұрыс деп есептелінеді. 2 1 0
2. Жарадарды тігу қабылданған ереже бойынша жүргізіледі:
  • Жарақат алғаннан 6 сағатан 12 сағат ралығында тігістің алғашқы тартусынусыз дренажды түтікше қойылады;
  • 12 - 24 сағат аралығында – жара шеттерін кесіп- өңдеу, жараға біріншілік тігіс пен дренажды түтікше қойылады.
  • Жарақат алғаннан 24 сағаттан соң – жараны кесу, емді ашық әдіспен жүргізу жалғасады.
  2   1 0
3. Жараға кейінгі қалдырылған немесе екіншілік тігісті таңдауды дұрыс болжау:
  • жараны алғашқы өңдеудің 4-5 күннен соң қабыну белгілері байқалмаса біріншілік тігіс салынады;
  • Қабыну процесін тоқтатқаннан және грануляция пайда болғаннан кейін екіншілік тігіс салынады.
    2     1 0
4. Теріні тігу және құрал-саймандарды дұрыс таңдай білу. Ине ұстағышпен инені дұрыс ұстау (кесуші) және оған жіпті ілу. 2 1 0
5. Жара шетіне 0,5 – 1 см қашықтықта және нақты перпендикулярлы бір сызық бойымен инемен жараны тігу. (ұқыпты қарау, жара шеттерін бірдей қабатта орнына келтіру). Тігістің арақашықтығын оптимальді сақтау (1,5 – 2 см). Төменде жатқан тіндерді теріге қарағанда «массивті» түрде инемен тігу.     2     1 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

5 кезең

СИФОНДЫ КЛИЗМА ЖАСАУ ТЕХНИКАСЫ

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: студенттерді сифонды клизма әдісін тәжірибе жүзінде көрсетуін бағалау.

 

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Науқас баланы не ата-анасын тексерумен таныстыру, түсіндіру. 1 0,5 0
2. Баланы арқасына жатқызып, аяғын ішіне қарай бүгіп, жамбасын біраз көтереді 1 0,5 0
3. Тік ішекке резина түтікше енгізіледі (түтікше алдын ала вазелинмен майланады). 1 0,5 0
4. Резиналы түтікшемен бірге тік ішекке сұқ саусақ бірге енгізіліп, түтікше сигма тәріздес ішекке қарай бағытталады (Гиршпрунг ауруында түтікше аганглиарлы бөліктен жоғары өткізіледі). 1 0,5 0
5. Түгікшенің сигмада дұрыс тұруын байқау үшін баланы жанына жатқызып, аяғын көтереміз. 1 0,5 0
6. Түтікше тоқ ішектің кеңейген бөлігіне орналасқан кезде ішекті тазалау басталады. 1 0,5 0
7. Тоқ ішекке жіберілген сүйықтық пен сыртқа шыққан сүйықтық көлемі бірдей болғаны жөн. 1 0,5 0
8. Егер нөжіс тасы болған кезде тік ішекке сабын сүйықтығы немесе вазелин майы жіберіледі, сонымен қоса саусақпен нәжіс тасы ұсақталынып бөлшектелініп шығарылады. 1 0,5 0
9. Ондай әрекет ішек толық тазаланғанша жүргізіледі (50-60 минут). Қолданылатын сұйық көлемі 10-15 литрге дейін жетеді. 1 0,5 0
10. Клизмадан кейін тік ішекте резина немесе полиэтилен түтікше тоқ ішек сұйықтығы толық шыққанша қалдырылады. 1 0,5 0
  Максимальді балл 10 5 0

 

 

6 кезең

сыртқы қан ағуды тоқтату

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндердің сыртқы қан кетуді тоқтату әдісін тәжірибе жүзінде көрсетуін бағалау.

 

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Интерн дәрігер қан ағудың уақытша және түпкілікті тоқтату әдістері айтып өтті. 3 1,5 0
2. Қан ағудың уақытша және түпкілікті тоқтату тәсілдерін көрсетті.Правильно выполнил остановку кровотечения давящим способом 3 2,0 0
3. Қан ағу кезінде жгутты дұрыс салу 4 1,5 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

 

7 кезең

Тізе буынның пункциясы

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді тізе буын пункциясын тәжірибе жүзінде көрсетуін бағалау.

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Науқасты аяғын жазып, арқасына жатқызады.   1,0 0,5 0
2. Хирург қолын жуады.   1,0 0,5 0
3. Наукастың не оң, не сол жағынан тізе буынының тұсына орналасады.   1,0 0,5 0
4. Операция алаңы өңделеді (тізе тостағанша шетінен 5 см жоғары не төменгі аралықта).   1,0 0,5 0
5. 0,5% новокаин ерітіндісімен толтырылған шприцті қолға алады.   1,0 0,5 0
6. Тізе тостағаншасының жоғары деңгейі пальпация жасай отырып анықталады.   1,0 0,5 0
7. Балтырдың алдыңғы бетінен 1 см төмен және тізе тостағаншасының жоғары деңгейінен 2 см жоғары нүкте белгіленеді.   1,0 0,5 0
8. Нүкте тұсыңда тері астьша новокаин ерітіндісі «лимон кабықшасы» түзілетіндей етіп енгізіледі.   1,0 0,5 0
9. Инені ішке қарай енгізе отырып, тіндерді новокаинмен инфильтрациялайды.   1,0 0,5 0
10. Инені ары қарай тізе усті тостағаншасы астына терең енгізіп, кеңістікке иненің енгенін анықтай отырып және шприцтің поршенін өзімізге тартқан кезде шприцте қан немесс баска да буындағы сұйықтықтар аныкталады. 1,0 0,5 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

 

8 кезең

ПЛЕВРА ҚУЫСЫН ПУНКЦИЯЛАУ

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді плевра қуысын пункция әдісін тәжірибе жүзінде көрсетуін бағалау.

 

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Науқасқа немесе ата-анасына манипулцияның маңызын  түсіндіру. 1,0 0,5 0
2. Құрал-жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру (резина катетерге жалғанған ұзындығы 10-12 см, диаметрі 1 мм инелер, шприц 10 мл, қысқыш, йод, спирт) 1,0 0,5 0
3. Наукасты арқасына не cay жак қырына жаткызу, ересек балаларды гьгаыс алу жетеімсіздігі болмаса түрған калпында жасауға болады. 1,0 0,5 0
4. Пункция жасайтын жерді тандап алу (физикальдық және   рентгенолоиялық зерттеулер нәтижесінде) 1,0 0,5 0
5. Хирург пен ассистенттің қолдарын және пункция жасалатын аймактың терісін дезинфекциялаушы ерітіндімен сүрту 1,0 0,5 0
6. Жергілікті инфильтрациялык анестезия арқылы 0,25% новокаин ерітіндісін пункция жасалатын жерге енгізеді (теріге, тері астына, қабырғааралық бүлшық етке,  плевраға).Инені алдыға карай жылжыта отырып анестетикті де қоса жібереді. 1,0 0,5 0
7. Анестезиядан 5 минуттан соң плевра пункциясы жасалады (новокаинмен шприц пунішия жасалатын инемен жалғанып, тексеріліп, қысқаш салады). 1,0 0,5 0
8. Пункция жасалатын ине жоғарғы 1/3 бөлігінен плевраға кіретін бөлігіне қол тигізбей ұсталынады. Анестезия жасалатын жерден тері тесіледі, тері асты клетчаткасында иненің ұшын қабырғааралықта жоғары немесе төменгі бағытта қозғайды және кабырғаның  жоғарғы кыры бойымен инені ақырындап қарсыласу жоғалғанша жылжытады (ощущение "проваливания"). Содан соң иненін үшын жоғары бағыттап кеуде клеткасынын ішкі бетіне параллелъді 1-2 мм жылжытады. 1,0 0,5 0
9. Катетерден кысқашты алып, 1-2 мл 0,25% новокаин ерітіндісі жіберіледі (ерітіндіге карсыласудың болмауы иненің плевра қуысында екендігін дәлелдейді). Шприцтің поршенін тарта отырып плевра қуысындағы ауаны не сұйыктыкты сору шприц толғанша жүргізіледі, содан соң катетерге кысқаш салынады Шприцті ажыратып босатады. Плевра куысындагы сұйыктыкты тез аспирациялауға болмаиды, ол гемодинамикалык бұзылыстарға, тіпті коллапска дейін әкеліп соғуы мүмкін. Манипуляция плевра қуысы тазарғанша қаиталанады. 1,0 0,5 0
10. Пукцияны аяктау: ине манайындагы теріні кысып тұрып инені тез тартып алады, пункция жасалған аймактың терісін дезинфекциялаушы ерітіндімен сүртіп, таңғыш  салынады. Пункциядан кейін кеуде клеткасынын рентгенографиясы жасалады. 1,0 0,5 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

9 кезең

Клиникалық ситуация

 

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: 4 курс жалпы медицина факультеті студенттерінің клиникалық жағдайда негізгі шағымдарына, объективті зерттеулерге сүйене отырып, болжам диагнозы және диагнозды толықтыру үшін қосымша зерттеу әдістерін жүргізу кезінде тәжірибелік іс-әрекеті. Хирургиялық аурулар кезінде нақты жағдайда асқынуларды бағалау.

 

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Студент берілген клиникалық ситуациямен толық танысты, науқас шағымын дұрыс бағалады, науқастан ауру тарихын және өмірлік анамнезін толық жинады. 1 0,5 0
2. Жалпы қарау және физикалық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып мінездеме беру. 2 1,0 0
3. Рентгенологиялық және лабораториялық (ЖҚА, ЖЗА, қан Б/Х) зерттеу керектігін ескерді. 2 1,0 0
4. Алдын – ала қойылған диагнозды негіздеді және қорытындылады. 1 0,5 0
5. Диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеу жоспарын құрды. 1 0,5 0
6. Адекватты ажыратпалы диагностиканы жүргізді. 1 0,5 0
7. Осы жағдайда емдеу тактикасын дұрыс таңдау және асқынудың алдын-алу. 2 1,0 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

10 кезең

Асқазанды жуу

 

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс                     орындады Ескертулермен орындады Орындалған жоқ
1. Қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс таңдау қажет: - Қолғап – 6жұп группаға - Баланың жасына сәйкес асқазан зонды - шпатель - Жане шприц немесе воронка   - Жуылған суға арналған ыдыс - дәкеден жасалған материалдар – 10дана  - клеенкеден жасалған медициналық алжапқыш - суда ерігіш жағынды (гель) - бөлме температурасына сәйкес, әр жасқа 1литр есебімен, жууға арналған физиологиялық ерітінді. - Бет перде – 6дана группаға - Асқазан жууға арналған муляж   1,0 0,5 0
2. Қолыңды жу, маска, халат, алжапқыш ки. 1,0 0,5 0
3. Манипуляция жасау барысындағы баланың қалпын атау:  -бүйірімен жату - отыру баланың отырған қалпын көрсету,ол үшін көмекшінің қолына баланы отырғызып,ұстату. Баланың аяғының ортасына жуылған суға арналған ыдыс қою. . 1,0 0,5 0
4. Енгізілетін зондтың ұзындығын өлшеу,( еріннен құлаққа қарай, ал төменгі бөлімі құрсақтың алдыңғы қабырғасымен зондтың жоғарғы тесігі төстің семсер тәрізді өсіндісінен төмен орналасу керек. 1,0 0,5 0
5. Зондтың тұйық ұшына жағындыны көптеп жағу.Баланың ауызын шпательдің көмегімен ашу (өзі ашпаған жағдайда). 1,0 0,5 0
6. Асқазан зондын енгізу жолдарын атап, біреуін көрсету:  - ауыз арқылы: науқастың ауызы арқылы зондты өңешке қарай енгіземіз. Зонды тілдің ортаңғы сызыға арқылы жай жылжыта белгілеген жерге дейін енгіземіз.  - мұрын арқылы: науқастың басын қарама-қарсы жақа қарай қисайтып, мұрын тесігі арқылы зонды жаймен енгіземіз. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы жылжытымыз. Зондты жұтқаннан соң науқастың тыныс алуы еркін екенніне көз жеткіземіз, зондты белгілеген жерге дейін енгіземіз. Зондтағы жуындының пайда болуы, зондтың асқазанда тұрғанын білдіреді. Зондты енгізген кезде кедергінің болуы, құсық, жөтел және т.б гипоксия көріністерінің пайда болуы, зондтың кеңірдекке түскенін көрсетеді. Мұндай жағдайда зондты жылдам шығарып, қайта енгізеді.   1,0 0,5 0
7. Жане шприцін немесе варонкасын тығынысыз зондқа жалғап, варонканы асқазан деңгейінен төмен түсіру қажет(варонканы сәл қисайтып), асқазанның жуынды суы пайда болғанша. Алғашқы жуынды суын залалданған ыдысқа жинап, зерттеуге жіберу.. 1,0 0,5 0
8. Варонкаға жууға арналған суды құю. Жаймен жоғары көтеріп, сұйықтықтың асқазанға түсуін қадағалау (сұйықтық варонканың түбіне жету қажет). Дұрыс және жылдам варонканы төмен түсіріп, жуынды суды төгу. 1,0 0,5 0
9. Таза су пайда болғанша асқазанды жууды қайталау. Енгізілген және шығарылған сұйықтықтың көлемі шамамен тең болу қажет. 1,0 0,5 0
10. Варонканы бөліп, зондты салфеткамен ұстап, жылдам шығару керек. 1,0 0,5 0
  Максимальді балл 10,0 5,0 0

 

                                                                            

 

                                                     

 


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 362; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!