ЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙ



$$$001

 

АИТВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

В) Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

С) Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

Е) Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап}= B

                                                      

$$$002

 

Науқас  М., ауруы жедел басталған, маңдайы мен көз түбінің ауырсынуы,

қалтырау, бұлшық еттердің, сүйек-буындардың, тамақтың ауырсынуы,

мұрынның бітелуі, дене қызыуның 39о C дейін жоғарылауы байқалған.

2-ші күні қараған кезде: беттің қызаруы мен ісінуі, склерит,

трахеит белгілері анық, құрғақ жөтел, тахикардия байқалады.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А) Тұмау

 

В) Аденовирусты инфекция

 

С) Менингит

 

D) Парагрипп

Е) Бөртпе сүзек

 

{Дұрыс жауап}= A

 

 

$$$003

40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымынын бағалаңыз.

А) Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

В) Жедел бауыр  энцелофалопатиясы, IV дәреже

С) Жедел бауыр  энцелофалопатиясы, III дәреже

D) Жедел бауыр  энцелофалопатиясы, II дәреже

Е) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

{Дұрыс жауап}= E

 

$$$004

 

Пакистаннан келген студент Р. келесі шағымдармен түсті:

дене қызуының ұстамалы көтерілуі, сонымен қатар қалтырау, терлеу.

Айқын гепатоспленомегалия байқалады. Ернінде –герпес.

Қан анализінде: эритропения, гемоглобин көрсеткішінің азаюы.

Клинико- эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып диагноз қойыңыз:

А) Іш сүзегі

 

В) Герпестік инфекция

 

С) Ку - қызбасы

 

D) Безгек

 

Е) Бөртпе сүзегі

 

{Дұрыс жауап}= D

 

$$$005

 

35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған.

Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жанұйясында барлығы сау.

Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Цефтриаксон

С) Ацикловир

D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

{Дұрыс жауап}=D

 

 

$$$003

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Біріншілік-созылмалы бруцеллёз, декомпенсация

В) Біріншілік-созылмалы бруцеллёз, субкомпенсация

С) Екіншілік-созылмалы бруцеллёз, декомпенсация

Д) Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) Жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап}= E

 

$$$004

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Псевдотуберкулёз

В) Скарлатина

С) Лептоспироз

D) Қызылша

Е) Листериоз

{Дұрыс жауап}=A

 

$$$005

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ 80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин. Диагноз:

А) Кенелі энцефалит

В) Энтеровирусты инфекция

С) Ботулизм

D) Сіреспе

Е) Құтыру

{Дұрыс жауап}=C

 

$$$006

 

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуілік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іші кепкен, аяқтары ісінкі, іш аймағындағы тері қабатында венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

 

А) Бауырдың биохимиялық сынамасы

 

В) Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау

 

С) Несепті өт пигметтеріне зерттеу

 

D) Іш қуысы мүшелерінің  КТ және УДЗ

 

Е) Зонд арқылы өтті тексеруге алу

 

{Дұрыс жауап}=E

 

$$$007

 

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.

Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?

А) Пенициллин

 

В) Левомицетин

 

С) Тетрациклин

 

D) Цефтриаксон

 

Е) Кларитромицин

 

{Дұрыс жауап}=B

 


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 290; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!