Созылмалы паренхиматозды паротит 27 страница



Этиологиясы белгісіз, гормональды бұзылыстар. А, В2 витаминдерінің жетіспеуімен және неврологиялық бұзылыстарға байланыстырады.

Ауру ауыз қуысының қатты құрғақтығына, сөйлей алмайтындығына, ауызды суламай тамақ қабылдай алмайтынына шағымданады. Ксеростомияның 3 дәрежесі болады. I дәрежесінде науқастар ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады. Кейде ауыру сезімі болмауы мүмкін. Бірақ науқастарды глоссалгия мазалайды, ауыз қуысының шырышты қабатында күю сезімі болуы мүмкін. Осындай науқастарды көріп тексергенде, ауыз қуысының шырышты қабатының түсі қызғылт, аздап суланған, кіреберісі, тіласты және ұрттың шырышты қабатында көбіктенген сілекей анықталады. Сілекей бездерінің шығару түтігінен аз мөлшерде мөлдір сілекей бөлінеді.

II дәрежесінде науқастар ауыз қуысының тұрақты құрғақтығына, әсіресе тамақтанған кезде (құрғақ тамақтың артынан су ішуі) айқындалуына шағымданады. Осындай науқастарды көріп тексергенде, құрғаған, беті сарғыш қабыршақтармен жабылған ерінді байқауға болады. Тілі қүрғақ, науқас ұзақ әңгімелесе алмайды. Ұрт және таңдай шырышты қабатында құрғақ немесе өте аз суланған, түсі өзгеріссіз, қабыну процестері жоқ. Сілекей безін массаж жасағанда, бірнеше тамшы сілекей бөлінуі мүмкін.

III дәрежесінде түрақты құрғақтықтан басқа, ауыз қуысының шырышты қабатында қабыну процестері болуы мүмкін.

Осындай науқастарда негізінен мынадай шағымдар болады: тамақ қабылдағанда ауырып (әсіресе ащы және тұздалған тамақтар), ауыз қуысында күю сезімінің болуы. Тістер тез арада бұзылады. Еріндері жарылған, ауыздың қабатында эрозиялар пайда болып, гингивит дамуы мүмкін. Тіл құрғақ, қақталған, қызарған. Сілекей бездерін белсенді массаж жасаған кезде де сілекейдің бөлінуі байқалмайды.

Клиникасы. Ксеростомия, ксерофтальмия, кератоконьюнктивит, ринофарингит, ларинготрахеит, созылмалы полиартриттер және шаштардың түсуі, тырнақтардың сынғыштығы байқалады. Құлақмаңы сілекей бездері қайталамалы ісінуі мүмкін. Шығару түтіктерінен сілекейдің бөлінуі, белсенді массаж жасаған кезде де болмайды. Бездердің сиалограммасында түтіктердің жартылай кеңейгені, жартылай тарылғаны байқалады.

Емі. Жиі симптоматикалық, қүлақмаңы сілекей безінде қабыну процестері жиі қайталана беретін жағдайда сілекей безін алып тастауға тура келеді. Науқас офтальмологтың, терапевтің, стоматологтың қарауында болуы керек.

Микулич дерті. 1892 жылы сипатталған, этиологиясы белгісіз. А. И. Абрикосов бүл дертті алейкемиялық немесе лейкемиялық лимфаденоз деп қарастырады. Пачес А. И. коллагеноздар қатарына жатқызады.

Клиникалық көрінісі. Жас және сілекей бездерінің симметриялық ұлғаюы анықталады. Тері қабатының түсі өзгеріссіз, бездерді сипап тексергенде беті бұдыр, ауыру сезімі жоқ. Жас бездерінің ұлғаюынан жоғарғы қабақ төмен түскен. Ауырмайды, сондықтан да науқастардың шағымы да негізінен косметикалық жағынан болады, бірақ кейін ауыз қуысының құрғақтығы қосылуы мүмкін. Дерттің бастапқы уақытында сілекей бездерінің шығару түтіктерінен мөлдір сілекей бөлінеді, соңынан оның бөлінуі төмендейді. Кейде терінің қышынуы, қолтықасты, және шабының лимфа түйіндері ұлғайғаны байқалады. Ауыз қуысындағы майда лимфа түйіндері де ұлғаюы мүмкін.

Емі. Лимфаденоздың шектелген түрлеріне сәулелі терапия мышьяк препараттары жақсы нәтиже береді және бензол мен уретан препараттарын да қолдануға болады.

 

34.Сілекей-тас ауруы. Клиникалық көрінісі, Нақтамасы, салыстырмалы нақтамасы.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 114; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!