Алмонд Г.Политическая наука: история дисциплины. // Полис.1997. №6



Азақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті     «Саясаттану» пәні бойынша семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау күндізгі оқу формасы 1-2 курс студенттері үшін   І ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ДАЙЫНДАЛЫП, ЕНГІЗІЛГЕН   Орындағандар: "Саяси - әлеуметтік пәндер" кафедрасының оқытушысы, саясаттану магистрі.         _______             Мухитов О.М.                лауазымы,                                      қолы                          аты-жөні                     Т.ғ. к., доцент                     ________                            Өтемісов Б.Ө.        лауазымы, бөлімі              қолы                                          аты-жөні   Т.ғ. к., доцент                  ________                             Давлетярова Б.Х.        лауазымы, бөлімі            қолы                                            аты-жөні   « __ » ____________ 20__ ж.   Жауапты орындаушы - кафедра меңгерушісі Т.ғ. к., доцент               ________                              Құрманбеков Б.Ж.        лауазымы, бөлімі       қолы                                                  аты-жөні                                « __ » ____________ 20__ ж.                         ІІ КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.    

ІІІ СЫН-ПІКІР БЕРУШІ

Ф.ғ.к., аға оқытушы       ________                                  Нұрғалиев Н.А.

 лауазымы, бөлімі           қолы                                               аты-жөні

 

« __ » ____________ 20__ ж.

 

 

ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ хаттама № __ « __ » _________ 20__ ж.

 

Ү АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ                        20______ж.

ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ                                       2 жыл

 

Сабақ №1 Саясаттану пәні, әдіс-тәсілдері мен қызметтері

                              

Семинар сабағының жоспары:

1. Саясаттану пәні, әдістері мен қызметтері. Әлеуметтік–гуманитарлық ғылымдар 

жүйесіндегі саясаттанудың алатын орны.

2. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

3. Саясаттың шығу тегі мен табиғаты, оның қоғамдық өмірдің өзге де салаларымен

байланысы.

 

 Сабақтың мақсаты: Саясаттану пәнінің зерттеу нысаны не екенін, саяссаттанудың әдіс-тәсілдері мен қызметтерінің, саясаттану заңдары мен категорияларының мәнін аңықтау.

Бақылау сұрақтары

1. Саясат деген не және ол қашан пайда болды?

2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма?

3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?

4. Саясаттың қызметтеріне не жатады?

5. Саясат пен моральдың ерекшеліктері неде?

6. Теориялық және қолданбалық саясаттанудың ара қатынасы қандай?

7. Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай?

8. Тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруды, оның демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруге саясаттанудың әсері қандай?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Бейсаясаттық азаматтардың, халықтық бір бөлігінің саясатқа саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы ол қоғамдық – саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.
2 Бихевиоризм жеке адамдар мен топтардың іс - әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс - әрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.
3 Биосаясат саясатты зерттеуде биологиялық ұғымдар мен тәсілдерді пайдалануға бағытталған концепция.
4 Геосаясат сыртқы саясатты географиялық факторларға ( аумағына, ауа – райына, қазба байлықтарына) байланысты жүргізетін саясат.
5 Диверсификация мәселенің әр – түрлі, жан – жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көптүрлілігі.
6 Күш қолданбау саясаты   саяси әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық. Оны жақтаушылар, өз жұмысында адамгершілік, жалпыхалықтық принциптерді басшылыққа алады.
7 Мораторий ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
8 Парадигма жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар, өз пікірін, көзқарасын салыстырып дәлелдеу үшін тарихтан алынған мақсат ретінде де қолданылады.
9 Саясат өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға,оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің, мекемелердің қызметі.
10 Саясаттану саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынасы туралы ғылым.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Қазіргі қоғамдағы саяси ғылымның мәні неде?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Басқа қоғамдық ғылымдардан саясаттану ғылымының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қалай сипатталады?                                                                                                                                                                                                  

Реферат тақырыптары:

1. Саяси ғылымдар генезисі.

2. Жеке маман тұлғасын қалыптастырудағы саясаттану ғылымының маңызы, қазіргі қоғамдағы саясаттану ролінің артуы.

3. Саясат ғылым және өнер ретінде.

4. Саясаттың әр түрлі тұжырымдамалары мен анықтамалары.

5. Саясат және экономика.

6. Саясат және мәдениет.

7. Саясат және психология.

8. Саясаттағы білім және интуиция.

9. Саясат және адамгершілік.

Блиц-тест

1-тест. Саясаттану ғылымының зерттейтіні:

А) қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процесі;

Б) адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы;

В) қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы;

Г) адамзат қоғамының саяси саласының жалпы заңдылықтары мен ұйымдасу принциптері және қызмет етуі;

Д) қоғамдық өмірдегі адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеу.

2-тест. Саясаттану ғылымының объектісі – бұл:

А) қоғамның саяси жүйесі мен өмірі;

Б) қоғамның экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету және өзгеру заңдылықтары;

Г) мемлекет және саяси партиялар;

Д) сезім арқылы берілген объективтік шындық.

3-тест. Саясаттану пәні – бұл:

А) саясат, қоғамдық өмірдің саяси саласы;

Б) қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық саласы;

В) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы;

Г) саяси партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар;

Д) бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық. 

4-тест. Саясатты тұтастай, оның табиғатын, адам үшін маңыздылығын, тұлға, қоғам мен мемлекеттік билік арасында өзара қатынасын зерттейтін және саяси құрылыстың үлгісі мен нормативтік ұстанымын, сонымен бірге саясатты бағалаудың жалпы өлшемдерін жетілдіретін білімнің саласы: 

А) саяси тарих;

Б) саяси философия;

В) саяси география;

Г) саяси антропология;

Д) саяси психология.

5-тест. Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым:

А) саяси семиотика;

Б) саяси әлеуметтану;

В) биосаясат;

Г) саяси этика;

Д) саяси психология.

6-тест. Саяси үрдістердің (процестердің) олардың кеңістік жағдайымен, аймақтық, климаттық және басқа да табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейтін саясаттанудағы бағыт:

А) саяси экономия;

Б) саяси антропология;

В) саяси география;

Г) халықаралық қатынастар теориясы;

Д) геосаясат.

7-тест. Саяси ғылымдарының Халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды?

А) 1945 ж.

Б) 1946 ж.

В) 1949 ж.

Г) 1950 ж.

Д) 1951 ж.

8-тест. Бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастағы элементтер жиынтығынан тұратын, айқын біртұтастық ретінде қоғамның саяси саласын қарастыратын саясаттанудың әдісі:

А) салыстырмалы;

Б) құрылымдық-функционалдық талдау;

В) жүйелік;

Г) тарихи;

Д) әлеуметтанымдық.

9-тест. Саясатты оқып-білуді жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс:

А) бихевиористік;

Б) эксперттік бағалау әдісі;

В) жүйелік;

Г) іскерлік ойыны;

Д) әлеуметтанымдық.

10-тест. Саясаттың қоғамға тәуелділігін, саяси құбылыстардың әлеуметтік себептерін анықтайтын саяси ғылымдар әдісі:

А) метафизикалық;

Б) әлеуметтанымдық;

В) диалектикалық;

Г) нормативтік;

Д) институционалды.

11-тест. Идеалды саяси құрылымды жасауға және оны іс жүзіне асыруға бағытталған саясаттану әдісі:

А) тарихи;

Б) антропологиялық;

В) позитивтік;

Г) нормативті-құндылықты;

Д) мәдениеттанымдық.

12-тест. Саяси үрдістерді дамытудың тілек-қалау түріндегі және іс-жүзінде мүмкін нұсқаларын қарастырып, қалыптастыруға бағытталған саясаттанудың қызметі (функциясы):

А) методологиялық;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) реттеушілік;

Д) дүниетанымдық.

13-тест. Саяси институттарға, құрылыстарға, мінез-құлықтарға, оқиғаларға баға беретін саясаттанудың қызметі (функция):

А) тәрбиелік;

Б) болжамдық;

В) аксиологиялық;

Г) басқарушылық;   

Д) теориялық-танымдық.

14-тест. Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі:

А) методологиялық;

Б) талдаушылық;

В) дүниетанымдық;

Г) реттеушілік;

Д) идеологиялық.

15-тест. Саясат туралы, оның қоғамдағы рөлі туралы білімдерді қалыптастыратын және толықтыратын саяси ғылымның қызметі:

А) әлеуметтік-сыншылдық;

Б) теориялық-танымдық;

В) басқарушылық;

Г) реттеушілік;

Д) тәрбиелік.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Алмонд Г.Политическая наука: история дисциплины. // Полис.1997. №6


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 364; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!