Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез) 3 страница



 

Тістердің созылмалы зақымы (хроническая травма зубов).

Тістің қатты тіндерінің созылмалы зақымдануы күші аз ұзақ уақыт әсер ететін механикалық ыпалдар әсерінен пайда болады және күнбе-күнгі тәжірибеде кездесе береді. Көбінесе алдыңғы тістер жарақаттанды. Мысалы, алдыңғы тістердің тістеу қырындағы ойлы-қырлы ақаулар (узуры) механикалық әсерлерден дамиды. Мысалы ұзақ уақыт алдыңғы тістермен пісте (шемішке) шағатын адамдарда кездеседі. Тістің қатты тіндерінің созылмалы зақымдануы адамның кәсіби мамандығымен немесе басқалай теріс әдеттермен де байланысты болады. Мысалы алдыңғы тістер тістеу қырларындағы ойықтар үрлемелі аспаптарда ойнайтын музыканттарда (аспаптың ауызда ұстайтын бөлігінің немесе мундуштуктың қажауы әсерінен), жіпті алдыңғы тістерімен үзіп әдеттенген тігіншілерде, шегені алдыңғы тістерімен тістеп отырып әдеттенген етікшілерде, қарындаш пен қаламын ауызына салып тістелейтін оқушыларда кездеседі. Тістердің созылмалы зақымдары кезінде ешқандай шағым болмайды, тек косметикалық ыңғайсыздық мазалауы мүмкін. Қазіргі кезде композиттік материалдардың елімізге көптеп әкелінуіне байланысты тістердің созылмалы зақымдарын емдеуде ешқандай қиындық тумайды. Түсіне сай таңдап алынған композиттік материалмен ақауларды жабу арқылы тіс пішіні қалпына келтіріледі және зақымдаушы себепті жоюға науқастың өзін ынталандырады.

Тістердің қатты тіндерінің қажалуы

(стирание твердых тканей зубов)

Тістің қатты тіндерінің тамақ шайнау нәтижесінде қажалуы немесе физиологиялық қажалу - әрбір адамға тән үрдіс.

13-сурет. Тістердің патологиялық қажалуы
Физиологиялық қажалуға алдымен тістердің шайнау төмпешіктері, тістеу қырлары, экватор тұсындағы жанасу аймақтары ұшырайды. Осының нәтижесінде алғаш тіс доғасы қалыптасқан кездегі азу тістер арасындағы нүктелі түйісу (точечный контакт) жазық түйісуге (плоскостной контакт)айналады.

Физиологиялық қажалу уақытша және тұрақты тістемде де кездеседі.

Жас ұлғайған сайын тістердің физиологиялық қажалуы үдей береді. Егер 30 жасқа дейін физиологиялық қажалу кіреукемен шектелсе, 40 жасқа жақындағанда дентин де қажалуға ұшырай бастайды және беті ашылуы нәтижесінде сарғыш түстенеді. Дентиннің қажалуы 50 жасқа қарай күшейе түседі. Жас 60-қа келгенде алдыңғы тістер қажалу нәтижесінде біраз қысқарады, азу тістердің шайнау төмпешіктері жойыла бастайды. 70 жаста тістердің қажалуы сауыт қуыстарына жақындауы мүмкін. Бұл кезде жаңа құрылған орынбасушы дентинмен толған сауыт қуысының контуры жақсы көріне бастайды, бірақ өзі ашылмайды. Физиологиялық қажалу ешқандай емдеу шараларын қажет етпейді.

Тістердің қатты тіндерінің физиологиялық қажалуымен қатар, тіндердің жедел жойылуымен сипатталатын патологиялық қажалуы да кездесе береді және 11,8% құрайды. Азу тістердің шайнау төмпешіктерінің толық қажалуы және алдыңғы тістердің тістеу қырларының жартылай қажалуы әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі кездеседі және әйелдерде 22,7%, ал ерлерде 62,5% құрайды. Патологиялық немесе жедел қажалудың негізгі себептері- жергілікті ықпалдар (патологиялық тістем, кейбір тістерге шайнау күшінің көп түсуі, биік қойылған пломбылар, сапасыз дайындалған протездер, кәсіби мамандық жағдайының зиянды әсерлері) және тістің қатты тіндерінің құрылымдық тұрғыдан толыққанды дамымауы.

Тік тістем (прямой прикус) кезінде барлық азу тістердің шайнау төмпешіктері мен алдыңғы тістердің тістеу қырлары қажалады (13-сурет). Мұндай кезде 35-40 жас арасында күрек тістердің ұзындығы 1/3-1/2 бөлігіне қысқарады. Олардың тістеу қырлары жазық алаңға немесе жиектері қырлы ойықтарға айналады.

Беті ашылған дентин одан әрі тезірек қажала бастайды. Мұның өзі беттің төменгі бөлігінің кішіреюіне, екі езуде қатпарлардың пайда болуына әкеліп соғады және төмендеген тістем синдромына тән (синдром сниженного прикуса) төменгі жақ – шықшыт буынында өзгерістер дамып, оның нәтижесі ретінде ауыз кілегейлі қабығында ысып-күю, шаншу, ауыру сезімдері, нашар есту, құлақ шуылы сияқты белгілер дами бастайды.

Патологиялық үрдіс одан әрі үдеген сайын, қажалу тістердің мойын бөлігіне дейін жетеді және дентин арқылы тіс қуысының аумағы көрініп тұрады, бірақ тіс қуысы ашылмайды (үшіншілік дентиннің құрылуы нәтижесінде).

Терең тістем кезінде алдыңғы жоғарғы күрек тістердің таңдай жақ, ал төменгі күрек тістердің ерін жақ беттері қажалады. Өте терең тістем кезінде төменгі күрек тістер жоғарғы күрек тістер тұсындағы таңдай жақ қызыл иекке дейін жетіп, оны біртіндеп жарақаттай бастайды. Осының нәтижесінде қызылиекте терең іздер пайда болып, катаральды немесе жаралы қабыну үрдісі дамиды.

Тістердің қажалуы тіс қатарында көптеген тістер жұлынуы нәтижесінде тістер саны азайып, қалған санаулы тістерге шайнау күші шамадан тыс түскен кезде де байқалады. Азу тістер жоқ жағдайда күрек және сүйір тістер көптеп қажала бастайды. Алмалы және алынбайтын протездер дұрыс дайындалмаған кезде де қажалу байқалады. Егер кламмер ілінетін тіс жасанды сауытпен жабылмаса, оның мойын бөлігінде кіреуке мен дентин қажалып механикалық және химиялық тітіркендіргіштерге аса сезімталдық дами бастайды.

Әртүрлі өндіріс салаларының зиянды әсерлері де тіс тіндерінің жарақаттанып, жедел қажалауына себепкер болады. Органикалық және бейорганикалық қышқылдар шығаратын өндірісте істейтін жұмысшылардың барлық тістерінің біркелкі қажалғанын байқауға болады.

Ауасы шаң-тозаңға, механикалық ұсақ қиыршықтарға бай өндірісте істейтін жұмысшылар арасында да тістердің птологиялық қажалуы кездеседі.

Әртүрлі ішкі бездер (қалқанша, қалқанша маңы бездері, гипофиз) қызметтері бұзылған кезде тістің қатты тіндерінің құрылымдық тұрақтылығының (структурная резистетность) төмендеуі нәтижесінде патологиялық қажалу байқалады. Мысалы, жедел немесе патологиялық қажалу тістер флюорозы, мәрмәр ауруы, Стейнтон – Капдепон синдромы, кіреуке мен дентиннің біріншілік нашар дамуы кезінде кездеседі. Тістердің жедел қажалуы жүйке жүйесі аурулары кезінде де орын алады. Соның бірі- кейбір адамдардың түнгі ұйқы кезінде тістерін шықырлатуы (ночное скрежетание зубов).

Тістердің жедел қажалуының Грошиков М.И. ұсынған клинико-анатомиялық жүйесі дәрігерлік тәжірибеде тиімді болып саналады және төмендегідей сатыларға бөлінеді.

І сатысы – тіс сауыттарының шайнау төмпешіктері мен тістеу қырларында кіреукенің аздап қажалуы.

ІІ сатысы – сүйір тістердің тістеу төмпешіктері мен барлық азу тістердің шайнау төмпешіктерінде және күрек тістердің тістеу қырларында кіреукенің толық қажалып, дентиннің ашылуы.

ІІІ сатысы – кіреукенің толық, дентиннің тіс қуысына дейін қажалуы.

Шет елде тістердің жедел қажалуынының Бракко ұсынған жүйесі кең қолдау тапқан. Бұл жүйеге байланысты қажалудың 4 сатысын ажыратады: біріншісі – төмпешіктер мен тістеу қырларында кіреукенің қажалуы; екіншісі – кіреукенің толық қажалып, дентиннің тіс сауытының 1/3 бөлігінде жойылуы; үшіншісі – тіс сауытының 2/3 бөлігінің қажалуы; төртіншісі – тіс сауытының мойнына дейін қажалуы.

Тіс сауыттары алғаш қажала бастағанда тісте температуралық әсерлерге, кейінірек механикалық және химиялық әсерлерге жоғары сезімталдық дами бастайды. Көпшілік жағдайда тістердің біраз қажалуына қарамай, олардың электрқозғыштығы аса көп өзгеріске ұщырамайды және 6-20 мка шамасында ғана ауытқиды.

Патологиялық анатомиясы.

Тіс тіндерінде байқалатын өзгерістер жедел қажалудың даму сатысына байланысты болады. Кіреуке тістеу қырлары мен шайнау төмпешіктерінде алғаш қажала бастағанда осы аймақтар астында орынбасушы дентиннің құрылуының қарқындылығы жоғарылағаны байқалады. Қажалудың екінші сатысында орынбасушы дентиннің қалың боп құрылуымен қатар дентин өзекшелерінің бітеліп қалуы орын алады (апатит кристалдарының шөгуі нәтижесінде). Ұлпада да өзгерістер байқалады: одонтобластар саны азайып, олардың вакуолденуі, торлы атрофиялану үрдісі орын алады, ұлпаның орталық қабаттарында тұздардың шөгу әсерінен петрификаттардың құрылғаны байқалады.

Жедел қажалудың үшінші сатысында дентиннің толық склероздануы, екіншілік дентиннің қарқынды құрылуы нәтижесінде сауыт қуысының толығымен жабылуы, ұлпаның атрофиялануы байқалады. Одонтобластар саны ұлпаның қалған бөлігінде азайған, одонтобластар қабатында вакуалдену үрдісі анықталады. Екіншілік дентиннің көптеп құрылуы арқасында түбір өзектері тарылып кейбір бөліктерінде бітеніп, нашар өтетін болады.

Жедел немесе патологиялық қажалудың емі. Емдеу әдістерін таңдап алу және оны жүргізу тәсілдері патологиялық үрдістің сатысына байланысты. Қажалудың алғашқы сатысында оны тудыра бастаған себептерді жоюға тырысып, тіс тіндерінің тұрақтылығын арттырып, қажалу үрдісін тежеуге арналған шаралар жүргізу керек. Тістің қатты тіндерінің тығыздығын жоғарылататын шаралар ертеректе айтылған (тістердің эрозиясы, қышқылдар әсерінен некроздануы). Егер жедел қажалу тістерге түскен шайнау күшінің жоғарылығынан болса, тиімді протездеу әдісін қолданады. Сонымен қатар сауыттың қажалған бөліктерін композиттік материалдармен қалпына келтіріп, тістем биіктігін дұрыс қалыптастыруға болады.

Аса қиындық тудыратын қажалудың ІІІ сатысы ( бұл кезде тістер сауыттары мойнына дейін қажалып кетуі мүмкін). Бұл кезде тіс сауыттарын өзекті тістер қою арқылы (бір түбірлі тістер болса), немесе жасанды сауыттар кигізу арқылы қалпына келтіреді. Егер тістің сақталған бөлігі өте қысқа жасанды сауыт кигізуге мүмкіндік болмаса, уақытша жансыздандырғаннан кейін тістің ұлпасын алып, өзектерге анкерлі штифтер немесе металдан жасалған басқа да штифтер бекітіп пломбылық материалдардың көмегімен тіс сауытын қалпына келтіруге тырысады. Қалпына келтірілген тістердің ұзақ қызмет етуі үшін сыртынан жасанды сауыттар кигізген жөн болады. Және сауыттардың түрлерін эстетикалық талаптарға, тістердің атқаратын қызметіне сай таңдап алып дайындайды.

Дұрыс жүргізілген емдеу шаралары жедел қажалудан туатын асқынулардың алдын алуға және орын алған асқынуларды (төмендеген тістем сидромы) емдеуге толық мүмкіндік береді.

Тістердің жедел қажалуының алғашқы сатысында қатты тіндерде жоғары сезімталдық байқалуы мүмкін. Мұның өзі тағам қабылдағанда үлкен ыңғайсыздық туғызады. Сондықтан ондай сезімталдықты жоюға арнаулы емдеу шаралары жүргізілуі тиіс (жоғары сезімталдықты қара).

Тістердің жоғары сезімталдығы ( гиперестезия зубов)

Тістердің жоғары сезімталдығы деп қатты тіндерде қалыпты жағдайда ешбір өзгеріс тудырмайтын тітіркендіргіштер әсерінен әртүрлі дәрежеде ауыру сезімінің пайда болуын айтады.

Тістердің жоғары сезімталдығы тісжегі мен тістің қатты тіндерінің басқа аурулары және пародонтағы патологиялық үрдістер кезінде байқалады. Тістердің жедел қажалуы кезінің алғашқы сатысында кіреуке-дентин шекарасы ашыла бастағанда жиі кездеседі, бірақ тістері қажалуға ұщыраған адамдардың барлығанда бірдей бола бермейді. Кіреуке эрозиясы кезінде жоғары сезімталдық жиі кездессе, сынаға ұқсас ақау кезінде көп байқала бермейді.

Тістердің жоғары сезімталдығы тек жергілікті тітіркендіргіштер әсер еткенде ғана емес, тістерде ауыру сезімі организмнің кейбір патологиялық жағдайлары кезінде де туындайды. Тістерде ауыру сезімі психоневроздар, эндокринопатия, климакс,әртүрлі зат алмасу үрдістері бұзылған кезде жұқпалы аурулармен және басқа жүйелі аурулар ауырған жағдайларда орын алады.

Клиникалық белгісі. Тістердің жоғары сезімталдығы кезінде науқастар тістерінде температуралық (ыстық және суық), химиялық (қышқыл, тәтті, ащы) және механикалық ықпалдардан өте күшті, бірақ тез басылатын ауыру сезімдері пайда болатынына шағымданады. Кейде суық ауа жұтқан кезде де ауыру сезімі қатты мазалайды. Сондықтан көбі жұмсақ, аса суық немесе ыстық емес тамақ қабылдауға, сыртқа щыққанда ( жылдың суық мезгілінде) ауыздарын ашпауға мәжбүр болады. Ауыру сезімі кейде аздап азайып, бірде біраз уақыт мазаламауы да мүмкін. Қарап тексергенде тістің қатты тіндерінде тісжегіге және басқа ауруларға тән құрылымдық өзгерістер болады, кейде тіс түбірлері ашылуы да мүмкін.

Кейбір кездерде тіс тіндері бұзылмаған, белгілі бір ақауларды табу қиынға соғады.

Тістердің жоғары сезімталдығының бірнеше жүйесі бар. Солардың ішінде Федоров Ю.А. және б. (1981) ұсынған жүйе ең ұтымды деп саналады.

   А) Жайылу көрсеткіштері бойынша (по распространенности):

І. Шектелген түрі (ограниченная форма) бір немесе бірнеше тісте кездеседі (тісжегі, сынаға ұқсас ақаулар бар және ортопедиялық мақсатта егелген тістерде).

ІІ. Жайылған түрі (генерализованная форма) көптеген тістерде байқалады (жүйелі патологиялық қажалу кезінде, көптеген тістерде тісжегі қуыстары, кіреуке эрозиясы мен сынаға ұқсас ақаулар бар кезде, көптеген тістердің мойындары мен түбірлері ашылғанда, психоневрологиялықц ауытқулар жағдайында).

Б) Даму себебіне байланысты (по происхождению).

І. дентиннің жоғары сезімталдығы (тістің қатты тіндерінің жойылуына байланысты);

· тісжегі қуысында болатын;

· тістерді ортопедиялық мақсатта егегеннен кейін болатын;

· тістің қатты тіндерінің қарқынды қажалуы және сынаға ұқсас ақаулары кезінде  болатын;

· тіс тіндерінің эрозиясы кезінде болатын.

ІІ. Тістердің қатты тіндері бұзылмаған кезде болатын дентиннің жоғары сезімталдығы:

· пародонтоз және пародонттың басқалай аурулары кезінде тіс мойындары мен түбірлері ашылған кезде болатын дентиннің жоғары сезімталдығы;

· бұзылмаған тістердегі дентиннің жоғары сезімталдығы (функциональдық жоғары сезімталдық).

Көбінесе организмде жалпы өзгерістер кезінде орын алады.

В) Клиникалық ағымы бойынша:

І дәрежелі – тіс тіндері температуралық тітіркендіргіштерге сезімтал және дентиннің электрқозғыштығы – 5-8 мка;


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 328; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!